«Сүйеніш Әбділдин жұмыста. Шын мәнінде, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, бірнеше сұрақ қойды, басқа да іс-шаралар болды. Бірақ қазір болып жатқанның бәрі –агенттікке қатысты сұрақтар, олар бізге ақпарат бермейді», - деді ол ҚР Үкіметінің кулуарында тілшілер сұрағына.
Министрдің айтуынша, кеше Сүйеніш Әбділдин және басқа басшылар ортақ жиналысқа келгенде мән-жайды сұраған.
«Олар Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, белгілі бір іс-шаралар өткізгенін айтты. Ендігі сұрақтардың бәрі Қаржы мониторингі агенттігіне. Мен оған (Сүйеніш Әбділдин – ред.) оң сипаттама бере аламын», - деп қосты ол.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі Қазақстанның телефон коды 77 болып өзгеруі мүмкін екенін айтқан еді.