Бағдат Мусин Бас прокурордың бастамасына сын айтқандарға жауап берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы  Бағдат Мусин ведомствоның жаңадан тағайындалған прокурорлардан атқарған жұмыстарының бейне есебін талап ету бастамасына сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейне есеп беру бұл өзін-өзі жарнамалау деген пікір бар. дегенмен, мен бұл бастаманың Ұлт жоспарының 5 реформасын орындау аясында жүзеге асырылып жатқандығын атап өткім келеді. Ал ол былай аталады,  есеп беретін мемлекет құру. Тек біреулер бұл жоспарды жоғарыдан түсірілген қадамдық нұсқаулық аясында барынша креативті қарастыруда. Бейне есептер жарты жылдың қорытындысы бойынша облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларынан, аудандар мен қалалардың прокурорларынан да талап етіледі», - деп жазды Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Бұған дейін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов жаңадан тағайындалатын прокурорлардан уақытша прокурор міндетін атқарушы болған кездегі жұмыстары бойынша бейне есеп талап ететіндігін хабарлаған болатынбыз.