Министр Facebook парақшасында зейнетақы жинағына арналған видео жариялады.
«eGov Mobile қосымшасын пайдаланушылар. Сіздердің сұрау салуларыңызға қарай бұрын жіберілген БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) арқылы өз зейнетақы жинағыңыздың жай-күйін білу туралы бейнені - қазақ тілінде көрсетемін», - деді Бағдат Мусин.
Еске сала кетсек таяуда зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру бойынша БЖЗҚ-ның жаңа қызметі іске қосылған болатын. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервистііске қосты.