Бағдат Мусин: Елімізден өзге мемлекетке телефон шалғанда Қазақстан деген жазу шығып тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан өзге мемлекетке телефон шалғанда шетелдіктердің телефонынан Қазақстан деген жазу шығып тұрады, деп жазды бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі минстрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

«Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа 997 дэф кодын белгіледі.

Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

Кезінде КСРО тарағанда, 7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес 997 коды резервке қойылды!

Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр»,-деп жеткізді қуанышты жаңалықты министр Бағдат Мусин.