«Нақты әр жағдайды жеке қарастыру қажет. Дегенмен, қазіргі уақытта 5G технологиясын жаппай орнату және соған көшу жүріп жатыр. Базалық стансалар әкелінді немесе әкелініп жатыр. Процесс жүруде», - деді министр «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумы аясындағы брифингте.
Осы ретте ол интернеттің сапасыз болғаны үшін елордалықтардан кешірім сұрады.
«Аталған сервистерді орнату және баптау барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Меніңше, бұл уақытша құбылыс. Мобильді байланыс операторлары жылдың соңына дейін елордада және Алматыда жағдайдың түзелетіндігіне уәде беріп отыр», - деді Бағдат Мусин.