«Экология тақырыбы өте қызықты. Қаладағы барлық улы қалдық бөлетін кәсіпорындар арнайы құрылғы орнатып, шыққан мәліметті онлайн жарияласа деген ұсыныс айтпақпын. Адамдар оны кабинетінде отырып көріп отырсын. Құрал жабдық өте қымбат емес. Оны өз ақшасына орнатамыз дегендер де бар. Opendata форматы жеделдікті қамтамасыз етеді. Қазір комитеттің қызметкерлері өз датчиктерімен шығады. Бірақ бұл жедел емес. Оны жариялауға көп уақыт өтеді. Мамандар да жеткіліксіз. ЖЭС-терге бір рет датчик орнатып, кейін барлық елдегі экологиялық картинаны бақылап отыруға болады», - деді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.
Форум модераторы Константин Горожанкиннің айтуынша, бұл идея бұрын да ойластырылған. Алайда көптеген қиындықтарға байланысты сәтсіз болды.
«Қазгидромет» РМК бұл ақпаратты өздері жариялайтындықтан, олардың монополиясы және бар», - деді К.Горожанкин.
Өз кезегінде Бағдат Мусин аталған тақырыпта заң тұрғысынан өзгерістер керек болса, оны Бас прокурормен кездесіп талқылауға дайын екендігін айтты.