Белгілі болғандай, оқиға негізінен шетелдік елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан ерекше қорғалатын «жасыл аймақтың» бөлігі болып табылатын Эль-Каррадаға жақын жерде болған. Басқа мәліметтер әзірге айтылмай отыр.
Айта кетсек, жексенбіге қараған түні Бағдадта Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимиге қастандық жасалды. Оның «жасыл аймақта» орналасқан резиденциясына дрондармен шабуыл жасалды. Ирак үкіметінің басшысы зардап шеккен жоқ, ол қауіпсіз жерге көшірілді.