Бағдатта лаңкестік салдарынан 51 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдаттағы арты-артынан болған лаңкестіктерден 51 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Бірінші жарылыс шейттердің ауданы Садр-ситиде болды. Онда мина қойылған екі автокөлік жарылған. Салдарынан 31 адам құрбан болды. Кейін екінші бомба қонақ үй маңында жарылып, 11 адамның өмірін қиды. Тағы 9 адам қаланың оңтүстік-шығысында мина қойылған машиналар жарылған кезде қаза болды.

Терактілер сериясы Мосул қаласындағы әуе соққысы салдарынан «Ирак пен Леванттың Ислам мемлекеті» тобының 60-қа жуық адамының қазасы жайлы Ирак үкіметінің мәлімдемесі қарсаңында орын алды.

«Ирак пен Леванттың Ислам мемлекетінің» жауынгерлері 2014 жылдың маусымында әрекетін бастаған.

29 маусымда Ирак пен Сирия аумағының бөлігін басып алған радикалды топ сол кезде халифат құратынын жариялады. Жауынгерлердің басшысы болып Абу Бакр аль-Багдади есімімен танымал Абдалла Ибрагим ас-Самари жарияланды.