Бағдатта жарылыс болып, 9 адам опат болды

АСТАНА 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Бағдатта лаңкестік әрекет салдарынан 9 адам қаза тапты, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Росбалт.

Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, қастандық ирактық жас сарбаздарға қарсы бағытталған. Миналанған көлік әскерге шақырылғандар үйлеріне қайтпақ болған жерде, яғни автовокзалдың маңында жарылды. Террорлық әрекетті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ. Еске сала кетейік, 9 қаңтарда Ирак астанасы Бағдатта әскери нысанда болған жарылыстан 21 жас сарбаз опат болып, 35 адам жарақат алды.