Бағлан Мамыталиев «Delta Вank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

АЛМАТЫ. 31 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Delta Вank» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 27 қазандағы шешімі бойынша Бағлан Мамыралиев Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Бағлан Жаймұрзынұлы М. Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-экономист», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Банк саласында 2007-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-да, «Қазына-Самұрық» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да еңбек етті, 2009-2010 жылдары «Темір банк», АҚ-ның Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары, 2010-2011жылдары «Астана-финанс» банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте: Астана қаласының прокуратурасында, Әділет министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде және аталмыш министрліктің Экономикалық зерттеулер институтында түрлі қызметтер атқарды.