Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда - Елбасы
«Баршаңызды келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қатар аталған осы қос мерекенің алдында әр уақытта Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмге дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тура келіп отыр.
«Қазақта елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жетістіктіктеріңіз үшін, халыққа үздік қызметтеріңіз үшін арнаулы атақтар мен шендерді тапсырғалы отырмын», - деп атап өтті Елбасы.
Мемлекет басшысы бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.