Бахрейн төтенше жағдай енгізді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бахрейн билігі 15 наурызда елде үш айға төтенше жағдай енгізуге шешім қабылдады, деп хабарлады РБК агенттігі.

Араб мемлекетінің басшылығы бірнеше айдан бері елдің ірі қалаларын қамтыған халық толқуы басылмай отырғандықтан осындай қадамға барды.

Бұған дейін белгілі болғандай, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің кеңесі Бахрейнге елдегі жағдайды реттеу үшін қосымша қарулы күштер жіберуге шешім қабылдады. Бахрейннің шиіттері шығанақтағы көршілердің бұл көмегін «жаулап алу» деп бағалады.