Бахрейнде полицейлер мінген автобусты жарып жіберді
05:57, 27 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бахрейнде полицейлер мінген автобуста жарылыс болып, бес тәртіп сақшысы жараланды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады.
Ведомоствоның мәлім етуінше, қашықтан басқарылатын қолдан жасалған бомба жарылған.
Бес полицей ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жеңіл жараланған, тағы үшеуінің жағдайын дәрігерлер тұрақты деп отыр.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік күші қызметкерлері оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізуде.