Бұл туралы Катардың «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.
Бұл әскери бөлімдердің елге кіргізілуін Бахрейн оппозициясы «шетелдік әскери араласу және оккупация» деп бағалап отыр. Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілі өз кезегінде, аталмыш бірлескен күштердің монархия билігіне елдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесетінін мәлім етті.
Бахрейндегі толқудың жалғасқанына бір айдың жүзі болды. Шииттер билік басындағы сүнниттерден әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуді талап етуде.