Бахрейннің астанасы Манама қаласында Қазақстан Елшілігі еліміздің Конституциясының 15 жылдығына арналған ресми қабылдау өткізді

None
ЭР-РИЯД. Тамызың 31-і. ҚазАқпарат. Тамыздың 30-ы күні Бахрейннің астанасы Манама қаласында Қазақстан Елшілігі еліміздің Конституциясының 15 жылдығына арналған ресми қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚР-ның Эр-Риядтағы елшілігінің баспасөз қызметі. Аталмыш шара барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғамдағы тұрақтылық пен демократияның кепілі» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі және Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Лама Шариф жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның соңғы жылдары барлық салаларда оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. 1995 жылы қабылданған Ата заңның негізгі мән-мағынасы, бұл - осы жылдар бойы Қазақстанды мекен еткен 140-тан астам ұлыс пен 46-дан астам конфессия өкілдерінің үлкен отбасы секілді бейбітшілікте және түсіністікте өмір сүруі.

Елшіліктің ақпараттық-имидждік іс-шаралары аясында Президент Н.Ә.Назарбаевтың араб тіліне аударылған ‎«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және ‎өркениеттер серіктестігі» атты кітабының тұсаукесері өтті.