АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» футбол клубының сапынан кетуі мүмкін. Жуырда команда тізгінін ұстаған бас бапкер Джованни ван Бронкхорст оны түркиялық клубтың қатарынан көргісі келмейді.
Отандасымыздың түркиялық клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған. Соған қарамастан бас бапкер қазақстандық ойыншыны оқу-жаттығу жиынына қосып жүрген жоқ. Сондай-ақ ол бұған дейін ресми матчтарға қатысатын футболшылар тізімінен тыс қалды.
Бахтиер Зайнутдинов ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
Еске салсақ, Кирилл Кекер «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.