АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысты.
Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
Қазірге дейін ол Түркияның «Бешикташ» клубы сапында ойын көрсетті. Аталған командамен қазақстандық футболшы 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған еді. Келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнауына мүмкіндігі бар болатын. Түркиялық клубта 27 жастағы отандасымыз 2023 жылдан бері 49 матчта бір гол соқты.
Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубымен 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ресейлік команда Бахтиер Зайнутдинов үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек семейлік «Елімай» командасына ауысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.