АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов АҚШ-та өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бокс кеші АҚШ-тағы Детройт қаласында MGM Grand Detroit аренасында өтті. Жерлесіміз бұл жолы жергілікті боксшы Гилберт Венегаспен (15-26-5, 8КО) жұдырықтасты. Алты раундтық жекпе-жекте Эюбов қарсыласын 60-54, 59-55, 60-54 ұпай санымен ұтып кетті. Осылайша жерлесіміз кәсіпқой бокстағы он екінші жеңісіне қол жеткізді.
Кештің басты кездесуі ресейлік Николай Потапов пен америкалық Антонио Ниевес арасында өтті. Бокс кешін америкалық Showtime телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.