Al-Masry Al-Youm ақпараттық порталының жариялауынша, суретте бойжеткен үсті су-су болып, мұхиттан құрлыққа аяқ басып тұрған сәті түсірілген. Ал артқы жағында ұшақ батып бара жатқан сәт бейнеленген. Бұл, әрине, монтаждалып, құрастырылған сурет еді.
Таныстары бұл фотомонтаж ырымға жаман екенін, солайша ол өзінің және борттастарының басына қатер үйіргенін айтады.
Еске сала кетейік, бұл осындай бірінші мистикалық кездейсоқтық емес. Бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары MS804 рейсінің апатқа ұшырауы малайзиялық боингтің құлауынан 804 күн өткеннен кейін болғанын есептеп шыққан.