БАҚ: АҚШ Ливандағы елшілігінен ондаған қызметкерді эвакуациялады

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ бүгін Ливан астанасы Бейруттегі елшілігінен ондаған қызметшіні эвакуациялады. Бұл туралы LBCI телеарнасы хабарлады, деп жазады Анадолы.

Хабарламада дипломатиялық миссия өкілдерінің Рафик Харири атындағы халықаралық әуежайдан ұшып шыққаны айтылады.

Эвакуация өңірдегі оқиғалардың шиеленісу мүмкіндігіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалған.

Әзірге бұған байланысты АҚШ елшілігі тарапынан ешқандай пікір білдірілмеді.

Осыған дейін Иран мен АҚШ-тың 26 ақпанда Женевада тағы да келіссөз өткізетіні туралы жаздық.