Бұл туралы CNN телеарнасы анонимді дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Қазіргі уақытта америкалық әскерилер Сириядағы Шайрат әуебазасын бақылап отыр.
«Ресей жаңалықтар» агенттігі мәлім еткендей, әскери қызметшілер аталмыш базаны тәулік бойы бақылауда, себебі дәл сол жерден химиялық шабуыл жасалуы мүмкін.
7 сәуірге қараған түні АҚШ Сириядағы Шайрат үкіметтік авиабазасына «Томогавк» ракетасымен соққы жасаған болатын. АҚШ ол жерде химиялық заттар сақталып отыр деген уәжді алға тартқан еді.