БАҚ: АҚШ-та адамға қарағанда отаны жақсы істейтін хирург-роботты жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ота жасағанда белгілі бір қызметтерді хирург-дәрігерге қарағанда жақсы орындайтын әлемдегі бірінші робот жасап шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости.

STAR (Smart Tissue Autonomous Robot) роботтандырылған автономиялық құрылғысы қол мен терінің кескен жерін тігу үшін автоматтандырылған құралдан тұрады. Робот сондай-ақ инфрақызыл суреттің 3D-жүйесімен жабдықталған, ол әрекеттердің нақты жолын көрсетеді.

Вашингтондағы Ұлттық балалар денсаулығын сақтау жүйесінің мамандары STAR-ды ішкі органдарының орналасуы адамдыкімен ұқсас шошқаға сынап көрді.

Сынақтар кезінде энтероэнтеростомия (ас қорыту жолының қалпына келуі) - ісік кесілетін қарапайым хирургиялық процедура өткізілді, делінген Financial Times газетінің хабарламасында.

«Қорытындылары бізді таңғалдырды, STAR іс-қимылдарды хирургтарға қарағанда жақсы жасады», - деп жазды газет жобаға қатысушы медициналық маман Питер Кимнің сөздерін келтіре отырып.

Оның айтуынша, робот автономиялық режимдегі жұмыс үшін жасалса да, оның іс-қимылдарына кез келген сәтте дәрігер қосыла алады. «Егер бірдене дұрыс болмай қалса, бір шерту роботты тоқтатады», - деп атап өтті Ким.

Мамандардың пікірінше, робот соқырішек және өт қабын кесіп тастау сияқты оталарда қажет болады.