БАҚ алдын ала болжам бойынша Түркиядағы бүліктің көсемі тұтқындалғанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның бұрынғы ӘӘК бас қолбасшысы, генерал Акын Өзтүрік тұтқындалды, деп хабарлайды Sabah газетіне сілтемемен РИА Новости.

Бұған дейін түркиялық БАҚ генерал Өзтүрік АҚШ-та тұрып жатқан уағызшы Фетхуллах Гюленмен байланысы болуы мүмкін екендігін хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, Түркия билігі елдегі бүлікті Фетхуллах Гюлен ұйымдастырды деп айыптаған еді.