БАҚ: Анкарадағы жарылыста 20-дан астам адам ажал құшты (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Анкарада болған жарылыста 20-дан астам адам ажал құшты деп хабарлады РИА Новости.

Анкарада кәсіподақтардың әскери қимылдарға қарсы митинг басталар алдында болған жарылыста 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды, деп хабарлады NTV телеарнасы.

Анкарадағы темір жол вокзалында кәсіподақтар ұйымдастырған «Еңбек, бейбітшілік, демократия» митингісіне қатысушылар өткен жерде екі жарылыс болды, салдарынан 20 адам зардап шекті.