БАҚ: Ауру салдарынан бетінің бір жағынан айырылған кішкентай астаналық Жақсылық Үсенов қайырымды жандардың көмегіне зәру

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - 6 жасар Жақсылық Үсенов осы уақытқа дейін тағдыр тауқыметін бір адамдай бастан кешіріп келеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын балаға қан ауруы, кейін гепатит диагнозы қойылған. Бұдан бөлек сәбидің ерні мен мұрнының арасы, мұрнының үстінгі жағы кем бола бастаған.

Қазір Жақсылық иіс сезу қабілетінен мүлдем айырылып бара жатыр. Оған тез арада шет елде операция жасау керек, деп жазады «Время» басылымы «В надежде на чудо» атты мақалады http://www.time.kz/index.php?module=news&newsid=24139 .

Балаға австриялық мамандар операция жасауға дайын екендерін айтқан. Емдеу құны 23,8 мың еуро. Баланың туған-туысқандары өз күшімен бұл операцияны жасата алмайды, Жақсылықтың әке-шешесі де мүгедек жандар. Баланың әжесі оны өз қамқорлығына алған, оның зейнетақысы түгелдей өте қымбат дәрілерге жұмсалады.

Басылым бетінде аталып өтілгендей, баланың жақындары Денсаулық сақтау министрлігіне квота беру туралы мәселе көтеріп, өтініш білдірген. «Комиссия бір айдан бері біздің өтінішімізді қарауда. Бізге қандай шешім қабылданатындығы әзірге айтылған жоқ. Бізге квота берген күннің өзінде баланы шет елге апарып, алып келуге кететін қаражатты қосқанда басқа да шығындар көп», - дейді Жақсылықтың әжесі Гүлбану апай.

Баланы шет елге оның атасы Жұмағали Байболұлы Рақымбеков апарады. Қол ұшын беруге дайын адамдар үшін біз оның ұялы телефонының нөмірін жариялаймыз: 8-705-193-15-47. Жақсылықтың атасының халық банкттен берілген карточкасының нөмірі 4402 5735 1004 9226. Жақсылық туыстарымен Астанада тұрады.