Сәрсенбі таңертең Мадинат-эс-Садрдың шейіттер орналасқан аудандағы нарықта мина қойылған көлік жарылды. Жарылыстан 64 адам көз жұмды. 87 адам жарақат алды, деп хабарлаған Ирак жаңалықтар агенттігі полиция дереккөзіне сілтеме жасап. ИМ тобы лаңкестікті өз мойындарына алды.
Сәрсенбі кешке Рейтер агенттігі полиция дереккөзіне сілтеме жасап, Ирак астанасының солтүстігіндегі Кадимия ауданына кіреберісте тағы бір жарылыс болғанын жазды. Онда 15 адам көз жұмып, 33 адам жарақат алған.
Үшінші жарылыс қаланың батысында болды. Бұл сүниттер көп орналасқан аудан. Алдын ала деректер бойынша 7 адам қаза тауып, 20 адам зардап шеккен. Дереккөз құрбандар санының артуы мүмкін екенін мәлімдеді.