Оның сөзіне қарағанда, бұл соңғы мәліметтер емес, өйткені елдің аймақтарындағы медицина мекемелерінен құрбан болғандар туралы түрлі мәліметтер келіп түсіп жатыр. Осы уақытта зардап шеккендердің саны 90 адамды құрап отыр.
Оқиға орнынан жеткен ақпараттарға қарағанда, Каирден шыққан жолаушылар пойызы бар жылдамдығымен келе жатып, жолда бұзылып тұрып қалған Порт-Саид - Александрия пойызына келіп, соғылған. Осы оқиғаның салдарынан тепловоз бен екі вагон рельстерден шығып кеткен. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Барлығы онда 80 жедел жәрдем көлігі жөнелтілді.
Бас прокуратура теміжол апатының себеп-салдарын анықтауға жеделдетіп кірісті. Арнайы комиссия құрылып, қайғылы оқиғаны бүге-шігесіне дейін зерттейтін болады.