Журналист, тележүргізуші, Елизавета ІІ патшайымның бұрынғы баспасөз хатшысы және Букингем сарайының ресми өкілі Дики Арбитер Чарльз ханзада мен Диана ханшайымның және басқа да екі корольдік жұп қатынастарының құпиясын ашпақ.
«Чарльз ханзада ызалы», - деп хабарлайды Букингем сарайының дереккөздері. Дики арбитер көп жылдар ханзаданың сенімді адамы және кеңесшісі болды. Енді 73 жастағы Арбитер жұртшылыққа монарх отбасының бүкіл былық-шылығын жайып салмақ. Авторға мұндай кітап жазуға ресми рұқсатың жоқ деген мәлімдеме де жасалған.
Кітап 2014 жылғы қазанда сатуға шығады деп күтілуде.