Бұл туралы Sonntags Zeitung хабарлады.
Бейсенбіде ФИФА этика бойынша комитеті жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ФИФА басшысы Йозеф Блаттерді, Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшысын және ФИФА вице-президенті Мишель Платини мен ФИФА бас хатшысы Жерома Валькены 90 күнге қызметінен және кез келген футбол қызметінен босататынын жариялады. Бұл шешімді ФИФА этика бойынша комитеті жүргізілген тергеуге сүйеніп қабылдады. Шеттету мерзімі 45 күнге дейін ұзаруы мүмкін.