ABC News телеарнасы Twitter-де хабарлағандай, кортежге тас лақтырған. Алайда тас президент автомобилінің жанында келе жатқан машинаға тиген. Мемлекет басшысының лимузині зардап шекпеді. Арнайы қызмет осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
CNN дерегі бойынша, оқиға жұма күні, 17 ақпанда түстен кейін орын алған. Трамп демалыс күндерін Флоридада өткізуді жоспарлап келген.