БАҚ: Головкин ерте ме, кеш пе қуатты соққысымен Брэдлиді сұлатып салады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Boxingnews24.kz бокс порталы Головкин - Брэдли айқасының қалай өрбитіні жөнінде болжам жасады.

«Брэдлидің Варгаспен жекпе-жекте көрсеткен жылдамдығы мен комбинациясы қарсыластарына, мүмкін Головкинге бірқатар проблема тудыруы да ықтимал, бірақ оның қорғанысының нашарлығы, үнемі шықшытын ашық ұстауы түбінде опық жегізеді. Головкин мұны ерте ме, кеш пе түбінде пайдаланады. Яғни, ол қуатты соққысымен Брэдлиді сұлатып салады», - деп жазады басылым.