39 жастағы британдық боксшының дене бітімінің артықшылығына қарамастан оқырмандардың көбі Головкин басым түсетіндігіне сенімді болған. Оған респонденттердің 62 пайызы дауыс берген. 38 пайызы спорттық жолын аяқтаған Фроч әлі де өзін рингте көрсете алады деген пікірде.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Лёффлер өзінің твиттерінде Хирнмен бірге түскен суретін жариялап, ол туралы «Эдди екеуміз Фрочпен айқас туралы талқылаудамыз»-деп жазған болатын. Бірақ одан кейін британдық промоутер мұның әзіл екендігін айтқан еді.
Дегенмен соңғы сұхбаттарының бірінде Головкиннің промоутері өздерінің жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқандығын атап өткен болатын.