«Головкин - Котто - бұл әрине, Головкин - «Канело» емес, дегенмен, сатылымы және тартымдылығы жоғары айқас. Тіпті Мигельдің тамаша мансабы соңына таяп қалғанына қарамастан, бұл айқас атап айтқанда, Головкиннің танымалдылығы әсте бәсең емес Нью-Йорк қаласында қызықты болып көрінеді. Сондықтан, GGG командасы Madison Square Garden аренасында аталмыш айқасты өткізуді қарастыруы мүмкін», - деп жазады басылым.
Бұған дейін Коттоның бапкері Фредди Роуч Головкинмен жыл соңына дейін кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.