БАҚ: Головкин уақыт өткен сайын күшейіп келеді
06:21, 12 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық The Mirror басылымы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) кездесуіне қатысты пікірді жария етті, деп жазады Sports.kz.
«Қазір Головкин 34 жаста. Алайда ол уақыт өткен сайын күшейіп келе жатқан сияқты әсер қалдырады. Ол Гинестің рекордтар кітабын жаңартатын сияқты. Оған ешкім де қарсы келе алмай отыр. Альварестің өзі Генамен кездесуден бас тарту үшін кез келген нәрсені сылтау етеді. Сондықтан да біз қазақстандық боксшымен қолға түйістіруге келісіп отырған Дэниел Джейкобсті мойындауымыз керек. Сіздердің барлықтарыңыз да Карлос Монсон, Марвин Хаглер, Джеймс Тони болғанда Головиннің түгін қалдырмайтын еді деген сияқты пікірлерді естіп жүрсіздер. Бұл өте күлкілі жағдай. Өйткені Головкин олардың барлығын да тізе бүктірер еді. Тіпті одан көпке баруы мүмкін»,-деп жазады The Mirror тілшісі Барри Макгиган.