Қайғылы оқиға Халкидики түбегінде болған. Алты турист, соның ішінде екі бала Салоникиге жақын маңда мерт болған. Туристер Грекияға Чехия, Румыния және Ресей елдерінен келген.
Бұдан бөлек, табиғи апат салдарынан 108 адам зардап шеккен. Соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр.
Грекия билігі түбекте төтенше жағдай режімін жариялады. Табиғи апат болған аймаққа өрт сөндіру қызметі мен азаматтық қорғаныс күштері жіберіліп жатыр.