Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, адамдары ең көбі Хьюстонда қаза болған. Ондағы табиғи апат құрбандарының саны 30 адамға жетті. АҚШ-тың ауқымы жағынан 4-ші орында тұрған қаласы басшысының бағалауынша, тек көшелерді қоқыстар мен қирандылардан тазарту үшін $100 млн шығындалады. Ал «Харви» дауылынан соң Техаста пайда болған су тасқынының салдарымен күреске $180 млрд қажет болады, деді жексенбі күні аталмыш штаттың губернаторы Грегг Эбботт.
06:51, 05 Қыркүйек 2017
БАҚ: «Харви» дауылының құрбандарының саны Техаста 60 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техаста «Харви» дауылынан құрбан болғандар саны 60 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Associated Press агенттігі хабарлады деп жазды ТАСС.