БАҚ: Калифорнияда сайлау учаскеcінің жанында бір адамды атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та өтіп жатқан сайлау кезінде, Калифорния штатында қарасты Азус қаласындағы сайлау учаскесінің жанында бір адам мерт болып, үшеуі жарақат алды.

Бұл туралы Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап ria.ru хабарлайды.

Осыған дейін жарақат алған 4 адам туралы хабарланған болатын.

Оқиға бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 14-00-дер шамасында болған. Атыс болған сайлау учаскесі қазір жабық тұр.

Куәгерлердің айтуларынша, 30-ға жуық адам осы уақытқа дейін сайлау учаскесінің ғимаратында отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ақ атқан адам оқиға орнынан бой тасалап үлгерді.

Басылым тілшісіне жергілікті полицияның өкілі Джеф Скроджиннің айтуынша, күдікті мұздай қаруланған болуы мүмкін.