БАҚ: Киев орталығында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевте шамамен түнгі бірде жарылыс болды, деп хабарлайды 112.ua.

Жарылыс толқынынан Владимирская көшесіндегі 4-үйде банк пен мейрамхана орналасқан бірінші қабаттың терезелері сынды. Сондай-ақ, жақын маңда тұраққа қойылған автокөліктерге зақым келді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеуде. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.