АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Сити» Барселонаның шабуылшысы Лионель Мессиді 300 млн еуроға сатып алуға дайын. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады, деп жазады lenta.ru.
3 тамыз күні «Барселонадан» тағы бір футбол жұлдызы Неймар кеткен болатын. Ол француздардың «Пари Сен-Жермен» командасына келді. Аталмыш клуб дарынды спортшы үшін 222 млн еуро төледі.
Шілде айының басында Мессидің «Барселонамен» келісімді ұзартқанын хабарлаған болатын.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.