«Газпромның» мәлімдеуінше, келісімшарт әзірше жасалған жоқ.
Шілде айында Ресей энергетика министрі Александр Новак Беларусь қарызының 270 миллион долларға жеткенін хабарлады. Өз кезегінде Минск қарызды мойындаудан бас тартып, мың шаршы метрі 132,77 доллар болған газ бағасының әділетсіздігін айтқан еді. Ресейлік тарап түсініспеушіліктер шешілгенше, берешек қарыздың келісімшартта көрсетілген бағамен төленуін талап етті.
Келесі жылдан бастап, Беларусь үшін газдың бағасы Ресейдің бірыңғай газбен жабдықтау жүйесі бойынша, жоғары коэффициентке көбейтілген орташа бағада анықталады. 2017 жыл үшін газдың орташа бағасы мың кубометріне шамамен 4,05 мың рубль, ал коэффициент шамамен 1,48 болды, - деп жазды РИА Новости.
Егер жаңа шарттар бекітілсе, Беларусь «Газпром» алдындағы қарызын ескі бағамен өтей алады, ал Мәскеу түсініспеушілік кезінде тыйым салынған елге мұнай жеткізуді қайтадан қолға алады.