Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуородақ құрамынан шығуы мүмкін деген ойын алғаш рет білдірді. Бұл туралы жексенбіде, 2 қарашада құзырлы органдарга сілтеме жасай отырып, Spiegel Online басылымы хабарлаған.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның ЕО-ның экономикалық дамуы оның құрамындағы әлсіз елдерден мигранттардың келуіне шектеу енгізетіні жайлы пікірі Берлинді алаңдатты.
Себебі, мұндай ұстаным Еуроодақтың еркін жүріп-тұру - басты қағидаттарының біріне қайшы келеді.