БАҚ: Моуринью келесі аптаның басында «Манчестер Юнайтедті» басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиялық маман Жозе Моуринью келесі аптаның басында «Манчестер Юнайтедті» басқарады, деп хабарлайды ВВС-ға сілтеме жасаған «Еуроспорт».

Луи ван Гал Англиядағы жеңісіне қарамастан қызметінен босатылады және оның орнына Жозе Моуринью келеді.

Моуринью «Челсимен» бірге үш рет Англияның чемпионы атанған (2004/05, 2005/06, 2014/15). Желтоқсан айында сәтсіз бастаған ойыннан кейін қызметінен босатылды. Ван Гал «МЮ»-мен «Кристал Пэласты» жеңіп (есеп - 2:1), Англия Кубогын алды, бірақ премьер-лиганың қорытындылары бойынша Чемпиондар лигасына кірмеді.