Daily Mail хабарлағандай, интернетке белгісіз адам шабуыл жасаған жігітті бұрыннан білетіндігін айтып хабарлама қалдырған.
«Мен ол жігітті танимын. Оның есімі - Әли Сонболи. Ол біздің сыныпта оқитын, біз ылғи да оны мазақ ететінбіз. Ол бізді бір күндері өлтіретінін айтып жүретін», - деп жазбаны келтіреді басылым.
Сенбі күні германиялық Bildо басылымы атыс ұйымдастырған жігіттің суретін жариялады. Белгілі болғандай, оның есімі Давид Сонболи, иран тумасы, жасы 18-де. Сондай-ақ басылым ол өш алмақ болған деп хабарлаған.
Еске сала кетейік, 22 шілде күні кешкі уақытта Мюнхендегі «Олимпия» сауда үйі маңында белгісіз біреу оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты. Оның ішінде атысты ұйымдастырған жігіт те бар.
Соңғы мәлімет бойынша, 27 адам жарақат алған, оның оны ауыр халде жатыр.