БАҚ: Ницца әуежайындағы күдікті пакет эвакуацияға себеп болды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Әскерилер терминал ғимаратына тексеру жүргізгеннен кейін Ницца әуежайындағы жағдай тұрақталды.

Канадалық CBC News арнасының корреспонденті Томас Дайгле хабарлағандай, жолаушылардың бірі ұмыт қалдырған күдікті пакет үшін Ницца әуежайының багаж алу зонасына эвакуация жасалды.

Күдікті пакетті тексерген соң, терминал айналасындағы қоршау шешілді және жолаушыларға әуежайға кіруге рұқсат етілді. 

Әуежай сайты ұшатын/қонатын рейстердің қалыпты режимде екенін көрсетіп тұр.

Әуежай сайтының бас парақшасындағы хабарламада: «Болған қорқынышты оқиғаға қарамастан, әуежай жұмысы мен әуе қозғалысы тоқтамайды», - деп жазылған.

Бұған дейін Ницца әуежайын әскерилердің қоршап алғаны, көшірілгені туралы хабарланған еді.