«ДАИШ лаңкестік тобы Ниццада орын алған теракт үшін жауапкершілікті мойнына алды, делінген Amaq ақпарат агенттігі таратқан хабарламада» - деп атап өтті телеарна.
Жүк көлігінің жүргізушісі Мохамед Лахуайедж Бухлель мәлімдемеде ДАИШ ретінде көрсетілген. Қазір Франция ІІМ бұл ақпаратты тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, бейсенбі күні кешке Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып, кейін көліктен жиылғандарға оқ атылған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 84 адам қаза тапты, ең кемі 175 адам жарақаттанды. Франция президенті үш күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.