БАҚ: Ниццадағы теракт құрбандарының саны 84-ке жетті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның Ницца қаласында 14 шілде күні кешке болған теракт құрбандарының саны 84-ке жетті.

Бұл мәліметті AFP өзінің Твиттердегі парақшасында Франция ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып жариялады. 

Еске сала кетейік, бейсенбі күні кешке Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып-жаншып, кейін көліктен жиылған жұртқа оқ атқан.

Шабуыл салдарынан осыған дейін 80 адам қаза тапты деп хабарланған, оның ішінде балалар бар, тағы 18-і ауыр жарақат алды, 100-ден астамы жарақаттанды.

Франциялық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның франциялықпен қатар Тунис азаматтығы болғанын хабарлады.

Жүк көлігінің жүргізушісін полиция атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын не болмағанын анықтап жатыр.