БАҚ: Одессада Брежневтің сүйікті катері суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Одессада Практикалық айлақ аумағында «Буревестник» катері батып кетті, кезінде онымен жүзуді СОКП бас хатшысы Леонид Брежнев жақсы көретін. Бұл туралы одессалық «Таймер» басылымы жазады.

Басылымның мәліметінше, аңызға айналған катер 8 қаңтарда жергілікті уақытпен түнгі екінің шамасында суға батып кеткен, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болып отыр.

1964 жылы мәртебелі адамдарды тасуға арналып жасалған кеме 1995 жылдан бері ескерткіш-кеме міндетін атқарып, Одесса портында жұмыс істемейтін жағдайда шынжырлап байлаулы тұрған еді.