15:50, 06 Маусым 2009
БАҚ өкілдері арасында Қазақстанның салық жүйесі туралы үздік материалдарға байқау жарияланды
АЛМАТЫ. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - БАҚ өкілдері арасында «Қазақстанның салық жүйесі» деп аталатын байқау өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Қаржы және салықтық құқық ғылыми-зертеу институты мен Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат ? елде салық мәдениетін қалыптастыру. Бұл байқаудың басты міндеттері: салық және салық салу туралы ақпарат өнімдерін ең кәсіби түрде дайындап қоғамға жеңіл, түсінікті түрде жеткізетін БАҚ өкілдерін анықтау. Салық және салық салу мәселелеріне БАҚ өкілдерінің қызығушылығын арттыру. Қоғамға салық саласының аса маңызды мәселелері бойынша мәлімет беру. Салық төлеушілердің құқықтарын қорғау мақсатында ағартушылық және ақпараттық қызметті дамыту. БАҚ өкілдері, салық саласының қызметкерлері және қоғам арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту. Оған қаңтардың 1-і мен қыркүйектің 1-і аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 1-і күні кешкі 18:00-ге дейін созылады. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Алматыда өтетін IV Қазақстан салық төлеушілері форумының аясында қыркүйектің 29-ы күні өтеді деп жоспарланып отыр.