БАҚ өкілдері арасында Қазақстаның құқықтық саясатына арналған үздік материалдарға байқау жарияланды

АЛМАТЫ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - БАҚ өкілдері арасында Қазақстанның  құқықтық саясатына арналған үздік материалдарға байқау жарияланды. Бұл бүгін Алматыда өз жұмысын аяқтаған азаматтық қоғам өкілдерінің адам құқықтары бойынша семинарында айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Қазақстанның 2010-2020 жылдардағы құқықтық саясатын жетілдіру мақсатында  Құқықтық саясатты дамыту орталығы ұйымдастырып отыр. Бұл шара құқықтық реформалардың болашағына бей-жай қарай алмайтын заңгерлер, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен өзге де жұртшылдық өкілдері арасындағы пікірсайысты кеңейтуді көздеуде. БАҚ материалдары  Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасын жасау мен талқылау үдерісіндегі ұсыныстар жөнінде болуы керек. Үміткерлерден өтініштер қабылдау рәсімі қарашаның 19-ына дейін созылады. Онда журналистер мен заңгер-құқықтанушылардан құралған қазылар алқасының шешімімен ең үздік материалдың иесі 120 мың теңгеге ие болмақ.