Байқау қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.
Байқауға қатысу үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.
Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі аталымдар бойынша қабылданады:
- «Үздік телевизиялық жұмыс»;
- «Үздік баспа жарияланымы»;
- «Үздік интернет жарияланымы».
Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2016 жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.
Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде мыналар ескерілетін болады:
- материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
- мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;
- мазмұндау стилі;
- авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.
Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205 кабинет, тел.: 7 (7172) 75-34-08, 75-34-53, сот: 77027437177.
БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау туралы Ережемен https://kyzmet.gov.kz/ru/news/polozhenie-o-konkurse-dlya-predstaviteley-sredstv-massovoy-informacii-na-luchshie сілтеме бойынша бойынша танысуға болады.